Accessibility links

Шымкентте блогердің сурет көрмесі өтіп жатыр


Блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесін тамашалап жүрген адамдар. Шымкент, 26 қараша 2014 жыл.

Блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесін тамашалап жүрген адамдар. Шымкент, 26 қараша 2014 жыл.

Шымкентте астаналық блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған көрме қарашаның 25-інде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ашылды. Суреттерді тамашалауға алғашқы күні жүзге жуық адам жиналған.

Әртүрлі әлеуметтік тақырыптарға салынған 50 сурет қойылған көрме жұмысы 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» көрмесі бұған дейін Астана мен Алматыда өткен еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG