Accessibility links

Гонконгтегі қақтығыс


Гонконгтің Монг Кок ауданында полиция мен наразылық акциясына шыққандар қақтығысты. Полиция шерушілердің екі жетекшісін ұстап, демонстранттарды көлік жолынан ығыстыруға тырысты. Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте 2017 жылға тағайындалған аймақ басшысын сайлаудың демократиялық жолмен еркін өтуін талап еткен наразылық шеруі қыркүйектің соңында басталып, бір айдан аса уақытқа жалғасқан еді. Шерушілер қойған талаптың Бүкілқытай халық жиынында қабылданған шешімге қайшы екенін алға тартқан қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді. Гонконг, 26 қараша 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG