Accessibility links

"Роскосмос": "Протон" ұшыру кейінге қалды


Байқоңыр ғарыш айлағында ұшыру алаңында тұрған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы. Сәуір, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңыр ғарыш айлағында ұшыру алаңында тұрған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы. Сәуір, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңыр ғарыш айлағынан қарашаның 28-інде ұшырылады деп жоспарланған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды. Бұл жайында Ресейдің «Роскосмос» ғарыш агенттігінің ресми сайтында хабарланды.

«Роскосмос» ақпаратына қарағанда, еуропалық «Астра-2Ж» телекоммуникациялық спутнигін алып ұшады делінген «Протон-М» зымыраны ұшу алаңына орнатылып қойылған. Бірақ «үдету блогының команда беру құрылғысының жұмысында ақау бары» анықталып, комиссия зымыранды ұшыру қарсаңындағы дайындық жұмыстарын тоқтатуға шешім шығарған.

Зымыран тасығыштың қай уақытта ұшырылатыны белгісіз. «Роскосмос» зымыран тасығышты ұшыру туралы шешім «ақау жөнделгеннен кейін» шығатынын айтады.

XS
SM
MD
LG