Accessibility links

Ресей Қырымда украиналық үш банк қызметін тоқтатты


Қырымда жабылған украиналық банктердің бірінің кеңсесі. Наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырымда жабылған украиналық банктердің бірінің кеңсесі. Наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей Украинадан аннексиялап алынған Қырым түбегінде бүгіннен бастап украиналық үш банк бөлімшелерінің қызметін тоқтатты.

Ресей Орталық банкінің хабарлауынша, Қырымда Харьковтің «Золотье ворота» банкі мен киевтік «Неос Банк» және «Банк креди агриколь» несие беру ұйымдарының қызметіне тыйым салынған.

Ресей Орталық банкі тыйым қаржы ұйымдары «салымшылары алдындағы міндеттерін орындамағандықтан және заңды құқықтары бұзылған тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін» салынғанын мәлімдеді.

Мамыр айының басында Украина Ұлттық банкінің талабы бойынша украиналық қаржы ұйымдарының көпшілігі Ресей аннексиялап алған Қырым территориясындағы жұмыстарын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG