Accessibility links

Ресей журналисі АҚШ-тан саяси баспана сұрамақ


Олег Потапенко.
Олег Потапенко.

Ресейлік тәуелсіз Amurburg.ru ақпараттық сайтының бас редакторы Олег Потапенко АҚШ-тан саяси баспана сұрайтынын мәлімдеді.

Потапенконың Азаттыққа хабарлауынша, ол Ресей билігінің өзін елден шығуына кедергі келтірген әрекеттеріне қарамастан АҚШ-қа барған.

Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесіндегі Хабаровск қаласында жұмыс істейтін Amurburg.ru сайты бұған дейін Украинаның шығысында ресейлік әскерилердің жүргенін хабарлаған.

Қарашаның 12-сінде өзінің гей екенін ашық айтып жүретін Потапенко мен оның серігін шекарашылар "төлқұжатының бір парақшасы кем" деп Хабаровскіден Гонконгке ұшатын рейске жібермей қойған.

Потапенко төлқұжатындағы парақты сол күні құжатын тексеруді сұрап алған полицей жыртып тастағанын айтқан.

Олег Потапенко Ресейден шетелге қарашаның 16-сы күні Владивосток қаласы арқылы кетіп қалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG