Accessibility links

Меркель Ресейді Украинаға байланысты айыптады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель. Франция, 6 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель. Франция, 6 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель Ресейді Украинада халықаралық құқықты бұзды деп айыптап, ондағы қақтығысты реттеу шыдамдылықты керек ететінін айтқан.

"Ресейдің Донецкі мен Луганскідегі әскери қимылға тікелей не жанама түрде араласып жатқанын еш нәрсе ақтап ала алмайды" деді Меркель бүгін Бундестагта.

Оның айтуынша, Ресейдің әрекеті Еуропадағы бейбіт тәртіпке қауіп тудырып, халықаралық құқықты бұзған.

"Дағдарысты жеңу жөніндегі ісімізге шыдам керек" дейді Меркель.

Қырымды аннексиялап алған соң Батыстың санкциясына іліккен Ресей Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер мен үкіметтік күштер арасында жүріп жатқан қақтығысқа қатысы жоғын мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG