Accessibility links

Кабулдегі жарылыс


Ауғанстан астанасында Ұлыбритания елшілігінің көлік кортежіне соқтығысқан жанкешті жасаған террорлық жарылыстан кемінде үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған деп хабарлады Reuters. Жараланғандардың арасында балалар бар дейді полиция. Жарылысқа жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алды. 2001 жылы әл-Қайда террорлық ұйымы мен оны қолдайтын Талибан билігіне қарсы операция басталғанда Ауғанстанға кірген халықаралық коалиция күштерінің көпшілігі биылғы жылдың соңына дейін елден шығарылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG