Accessibility links

Кабулде шабуылдан төрт адам мерт болды


Кабулдегі жарылыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

ВИДЕО: Жарылыс болған жер. Кабул, 27 қараша 2014 жыл.

Кабул қаласында бүгін мотоциклге мінген жанкешті Ұлыбритания елшілігінің көлік кортежіне соқтығысып, шабуыл жасады. Ауғанстан билігінің хабарлауынша, Кабулдың шығыс бөлігіндегі Жалалабадқа баратын жолда жасалған шабуылдан кемінде төрт адам мерт болған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седикидің айтуынша, соқтығыстан күшті жарылыс болып, оқиға маңында өтіп бара жатқан 33 адам жараланған. Үш көлік қираған. Полиция мен дәрігерлер жаралылар арасында бірнеше бала барын айтады.

Ұлыбритания елшілігінің өкілі шабуыл болғанын растап, кортежде болған бірнеше адамның жараланғанын айтты.

Шабуылға жауапкершілікті Талибан мойнына алып, жанкешті "елге басып кірген шетелдік күштерді" нысанаға алғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG