Accessibility links

АҚШ-тағы наразылық үшінші күнге жалғасты


Лос-Анджелестегі наразылық акциясы. АҚШ, 27 қараша 2014 жыл.

Лос-Анджелестегі наразылық акциясы. АҚШ, 27 қараша 2014 жыл.

АҚШ-тың Миссури штатының Сент-Луис қаласында бірнеше демонстрант мэрия ғимаратын басып алуға әрекет жасаған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, бір топ белсенді тамыздың 9-ында Фергюсонда қара нәсілді 18 жастағы Майкл Браунды атып өлтірген полиция офицері Даррен Уилсонды соттаған сот процесін сахналаған. Ғимаратқа жүзден аса полицей келіп, үш белсенді ұсталған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен түн Фергюсонда тәртіпсіздіктер болмаған. Кеше Фергюсон мен айналасына Ұлттық гвардияның 2200-ге тарта сарбазы орналастырылған.

Қарашаның 24-і күні алқа соты Даррен Уилсонның айыбы жоқ деген шешім шығарған соң, оған наразылық акциялары АҚШ-тың бірнеше штатында, Лос-Анжелес, Сан-Диего, Окленд, Атланта қалаларында да өткен. Ең үлкен шеру өткен Лос-Анжелесте полиция 50-ден аса адамды тұтқындаған.

Даррен Уилсонға сот шешімі жарияланар алдында АҚШ президенті Барак Обама тұрғындарды сабыр сақтауға шақырған. Обама АҚШ азаматтардың өз наразылығын еркін түрде білдіре алатын ел екенін айтып, зорлық-зомбылыққа жол бермеуді сұраған.

XS
SM
MD
LG