Accessibility links

Сайрамда «Таблиғи жамағат» ісі жайлы сот өтіп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «экстремистік діни ұйым қызметін жүргізген» деп айыпталған 41 жастағы азаматтың ісі бойынша сот тыңдауындағы жарыссөз келесі аптаға қалған. Бұл туралы Азаттыққа бүгін Сайрам аудандық сотының баспасөз хатшысы Сабыр Мейрамбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Қарабұлақ ауданының тұрғыны Мамуржан Турашевтің үстінен Қылмыстық кодекстің 337-1 бабымен қозғалған іс бойынша процесс қарашаның 25-і күні басталған.

«Бүгінгі сотта прокурордың жарыссөзі дайын болмағандықтан сот отырысы желтоқсанның 2-іне қалдырылды. Тергеу материалдарында айыпкердің Қазақстанда қызметіне тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ұйымының әдебиетін таратып, заңсыз діни ұйым қызметін жүргізгені айтылған» деді сот өкілі.

Айыпкердің адвокаты немесе туыстарымен байланысу мүмкін болмады.

2013 жылы ақпан айында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Таблиғи жамағат» ұйымын экстремистік деп танып, Қазақстан аумағында оның қызметіне тыйым салған еді. Сонымен бірге,аталған діни ұйымның қызметіне Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанда да тыйым салынған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG