Accessibility links

Kloop.kg мақаласы прокуратураға берілген


Қырғызстандағы kloop.kg порталының авторы әрі журналист-блогшы Бектұр Ескендір.
Қырғызстандағы kloop.kg порталының авторы әрі журналист-блогшы Бектұр Ескендір.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бүгін Kloop.kg сайты елдің ішкі істер министрлігі «жиһадшы қазақ балалар» туралы редакция материалын прокуратураға бергені туралы мәлімдеме таратқан.

Қазақстан билігінің сайтты бұғаттағанына қынжылыс білдірілген мәлімдемеде «әлемнің бірнеше елі террористік деп таныған «Ислам мемлекеті» ұйымының қылмыстық әрекетін хабарлауға тыйым салу керісінше, экстремистерге болысушылық болып саналады» делінген. Қырғызстан азаматтары ықтимал қатер жайлы ақпарат алмаса, радикалданудан сақтану шараларын жасай алмайды деп санайды сайт әкімшілігі.

Ұлыбританияның Daily Mail басылымы қарашаның 22-сі күні «Ислам мемлекеті» ультра-радикалдық тобы әлеуметтік желілерде таратты» деп сипатталған қазақша сөйлейтін кәмелетке толмаған жас балалар түскен видео жариялаған. Онда қару құрастырып, нысана көздеген әскери форма киген бала қазақ тілінде сөйлейді.

Видео шыққан соң ол жайында жазған қазақстандық бірнеше сайттың, оның ішінде Азаттықтың да мақалалары бұғауланған еді. Бірақ сайттар билік орындарынан видео жайлы жазбау жөнінде ескерту алмағанын айтқан. Бейнероликтің Daily Mail басылымы жариялаған нұсқасын шығарып, ол жайлы түсіндірме берген қырғызстандық Kloop.kg сайты Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен ескертпе хат алған. Астананың өтінішін орындамаған сайт қарашаның 26-сынан бастап Қазақстан аумағында ашылмай қалған.

XS
SM
MD
LG