Accessibility links

Қазақстанда бірнеше әлеуметтік желі өшіп, қайта қосылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда өткен түнде бірнеше әлеуметтік желі мен хат-хабар алмасу платформалары уақытша істемей қалды.

Интернет қолданушылардың айтуынша, қарашаның 28-іне қараған түні сағат он екі мен үштің арасында Қазақстан аумағында Youtube сайты, Facebook, Instagram, WhatsApp және ВКонтакте әлеуметтік желілері белгісіз себептермен істемей қалған.

Азаттыққа әлеуметтік желілердің ашылмай қалуының себебін елдегі ең ірі интернет провайдері – «Қазақтелеком» компаниясының жөндеу бюросынан «сайттардың серверлерінен ақпарат келмей қалғандықтан» деп түсіндірді.

XS
SM
MD
LG