Accessibility links

Қарағандыда полиция күдіктіні атып жаралады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қарағандыда бүгін таңертең букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалып, полиция күдіктілердің бірін тапаншадан атып жаралады деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті.

Полицияның хабарлауынша, қаладағы Бұқар жырау даңғылының бойында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарашаның 28-і күні таңертең бетперде киген, тапаншамен қаруланған екі адам басып кірген. Олар күзетші мен кассирді қорқытып, қолда бар ақшаны беруді талап еткен.

Оқиға кезінде букмекерлік кеңседе полицияның жедел әрекет ету қызметкерлері болған. Полиция қарулы адамдарды ұстау үшін әуелі ескертпе оқ атқанын айтады. Бірақ күдіктілер қашып кетуге әрекет жасаған соң полиция өкілі табельдік қару қолданып, біреуін атып жаралаған, екінші адам қашып кеткен деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Бұл оқиға бойынша «қарақшылық шабуыл жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG