Accessibility links

Astana Continental Team қызметін уақытша тоқтатты


Astana Continental Team кәсіби велоспорт командасының мүшесі, допинг дауына ұрынған Артур Федосеев. Сурет команданың ресми сайтынан алынды.

Astana Continental Team кәсіби велоспорт командасының мүшесі, допинг дауына ұрынған Артур Федосеев. Сурет команданың ресми сайтынан алынды.

Қазақстан велоспорт федерациясы допинг дауына байланысты Astana Continental Team командасының қызметін уақытша тоқтатты.

Федерация баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, команда велоспортшыларының допинг қолдану оқиғалары бойынша ішкі тексеру шараларын жүргізіп алғанға дейін федерация оның қызметін тоқтатқан. Команданың бас менеджері Дмитрий Седун қызметінен алынған.

Бұған дейін Халықаралық велоспорт федерациясы биыл тамызда өткен «Тур де Элен» жарысы кезінде Astana Continental Team мүшесі Артур Федосеевтен алынған қаннан рұқсат етілмеген препарат табылғанын хабарлаған. Мұның алдында осы команда мүшелері Виктор Окишев пен Илья Давиденок допинг қолданды деп айыпталып, команда құрамынан шығарылған еді.

Astana Continental Team кәсіпқой командасы құрамындағы ағайынды Валентин және Максим Иглинскийлер де «допинг қолданды» деген айыппен төрт жылға спорттан шеттетілген.

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетовтің мәлімдеуінше, федерация мен Astana Proteam басшылығы команда спортшыларының допинг қолдану оқиғаларын мұқият тексеруге мүдделі. «Тергеу Халықаралық велоспорт федерациясының талаптарына сай жүргізіледі және оның нәтижелері жарияланады» деген Келімбетов.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG