Accessibility links

Ресей «Булава» зымыранын сынақтан өткізді


Ресейлік атом сүңгуір қайықтарының бірі. (Көрнекі сурет)

Ресейлік атом сүңгуір қайықтарының бірі. (Көрнекі сурет)

Ресей Баренц теңізінде «Александр Невский» стратегиялық сүңгуір қайығынан «Булава» құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырып сынақтан өткізген. Бұл туралы жұма күні Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, су астынан ұшырылған зымыранның оқтұмсық бөлігі Камчатка түбегіндегі Кура полигонына түскен.

Бұның алдында Ресей қарулы күштері «Булава» зымыраны сынағын қазанның 29-ы күні өткізген еді. Ол жолы Баренц теңізінде «Юрий Долгорукий» сүңгуір қайығынан тағы да сол Камчаткадағы Кура полигонын дәлдеп зымыран ұшырылған.

Бұған дейінгі жылдары ресейлік «Булава» зымыранының бірнеше сынағы сәтсіздікке ұшыраған еді.

XS
SM
MD
LG