Accessibility links

Нигерияда террорлық шабуылдан 120 адам өлген


Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна қаласында жарылыс болған орын. 23 шілде 2014 жыл.

Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна қаласында жарылыс болған орын. 23 шілде 2014 жыл.

Соңғы деректер бойынша, Нигерияда қарашаның 28-і күні болған террорлық шабуылдан 120 адам мерт болып, 270 адам жараланған. Кано қаласындағы орталық мештіке жұрт жұма намазына жиналған кезде кемінде екі жарылыс болып, іле-шала қарулы адамдар жұртқа оқ жаудырған.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ, бірақ, билік бұл шабуылға қатысы болуы мүмкін деп «Боко Харам» экстремистік исламшылар тобынан күдіктенеді. Бұл топ қазір елдің солтүстік-шығысында бірнеше қаланы бақылауында ұстап отыр.

Бақылаушылар бұл оқиғаны өткен аптада тұрғындарды «Боко Харам» тобына қарсы қарулы күреске шақырған жергілікті мұсылмандар жетекшісі Ламидо Санусиден кек алу шабуылы деп айтады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Нигериядағы террорлық шабуылды айыптады.

Нигерияда соңғы бес жылда «Боко Харам» тобының қолынан 10 мыңнан аса адам қаза тауып, бір жарым миллион адам тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG