Accessibility links

ЕО Украинадағы жікшілдер мен ұйымдарына санкция салды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы (ЕО) бүгін жариялаған ресми басылымында Украинаның Донецк және Луганск облыстарында өзін өзі жариялаған «халық республикаларының» 13 өкілі мен бес қоғамдық ұйымына қатысты санкциялар енгізілгені айтылған.

Санкция олардың Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігіне, жерінің тұтастығына қарсы іс-әрекеттері мен дағдарыстағы роліне байланысты жарияланған. ЕО тізіміне «ДХР» мен «ЛХР» «депутаттары» мен «министрлері» енген. Сонымен бірге ЕО қарашаның 2-і күні аталған аймақтарда өткен «сайлауға» кандидаттар ұсынған бес партия мен қоғамдық ұйымдармен қаржы қарым-қатынастарын жүргізуге тыйым салған.

Украинаның шығысындағы сепаратистер өкілдеріне қатысты салынған санкцияға ілінгендер тізімі тағы да толығатыны туралы жұма күні белгілі болған еді. Олардың аты-жөндері Еуроодақтың ресми басылымында жарияланған сәттен бастап жаңа шектеулер күшіне енеді.

Ресей 2014 жылы наурызда Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алған соң және Ресейдің қатысуымен Донбаста дағдарыс басталғаннан кейін Еуро Одағы Ресей мен Украинаның жекелеген азаматтары мен ұйымдарына санкциялар енгізе бастаған еді. Осы уақытқа дейін бұл «қара тізімде» 132 адам бар, арасында ресейлік депутаттар мен кәсіпкерлердің аты-жөні аталған. Тізімге енгізілген компаниялар саны 28-ге жеткен.

XS
SM
MD
LG