Accessibility links

БҰҰ Қазақстанды азаптауға іс жүзінде қарсы тұруға шақырады


БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінде Қазақстан делегациясы есеп тапсырып жатыр. Қазақстанның адам құқықтары бюросындағы трансляциядан алынған скриншот. Алматы, 17 қараша 2014 жыл.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінде Қазақстан делегациясы есеп тапсырып жатыр. Қазақстанның адам құқықтары бюросындағы трансляциядан алынған скриншот. Алматы, 17 қараша 2014 жыл.

БҰҰ азаптауға қарсы комитеті Қазақстанды БҰҰ-ның Азаптауға және өзгедей қатыгездікке, адамгершілікке жатпайтын немесе адамның ар-абыройын қорлайтын іс-әрекеттер мен жаза түрлеріне қарсы конвенциясын іс жүзінде орындауға шақырады. Бұл туралы БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясын орындау туралы Қазақстанның үшінші аралық есебін талқылау қортындысы жөнінде БҰҰ сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

БҰҰ сарапшылары құқық органдары өкілдері тарапынан азаптаулар, оның ішінде зорлық жасау туралы қорқытулар жайлы хабарлардың көптігіне ерекше алаңдаушылық білдірген. Комитет мүшелері Қазақстан билігін азаптау мен қатыгездікке қарсы жариялаған «нөлдік төзімділік» саясатын іс жүзінде жүзеге асыруға шақырған. Олардың пікірінше, азаптаудың кез келген түріне жол берілмеуі тиіс екендігі және ондай іс-әрекеттерге қатысы бар кез келген қызметкердің заң бойынша жауапқа тартылатыны туралы анық мәлімделуі керек. БҰҰ құқыққорғаушылары бас еркіндігінен айрылғандарды қамауда ұстайтын барлық орындарды бейнекамералар және аудиожазба құралдарымен жабдықтауды ұсынған.

БҰҰ азаптауға қарсы комитеті Қазақстан билігіне азаптау оқиғаларын бейтарап түрде мұқият зерттеп, нәтижелі жұмыс жүргізетін және қатыгездік туралы арыз-шағым бергендерді қуғын-сүргіннен қорғай алатын тәуелсіз орган құруға кеңес берген.

БҰҰ сарапшылары, сонымен бірге, азаптауға қатысты айып тағылғандарды елдің қылмыстық заңындағы тиісті баптарға сәйкес жазаға тарту және олардың қылмыстық ісін басқадай баптарға алмастырып жазасын жеңілдетпеу қажеттігін еске салған.

XS
SM
MD
LG