Accessibility links

Кобаниде ұрыс қайта жалғасты


Кобани қаласы маңында тұрған журналистер тобы. 27 қараша 2014 жыл.
Кобани қаласы маңында тұрған журналистер тобы. 27 қараша 2014 жыл.

Сирияның Түркиямен шекарасы маңында орналасқан Кобани қаласында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен қаланы олардан қорғаушы күрд жасақтары арасында ұрыстар жүріп жатыр.

Соңғы күндері содырлар күрдтерге қарсы шабуылға кемінде төрт рет жанкештілер жіберген. Екі жақтан да қаза болғандар саны кемінде 25 адам деген дерек бар.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері ИМ содырларына әуеден соққы беріп жатыр.

ВВС-дің хабарлауынша, бұдан бір апта бұрын Түркия өз аумағы арқылы өткізген күрдтердің шағын тобы Кобаниді экстремистерден қорғап жатқандардың қатарына қосылған.

XS
SM
MD
LG