Accessibility links

Майкл Браунды атқан АҚШ полицейі қызметтен кетті


АҚШ-тың Фергюсон қаласында полицияда қызмет атқарған Даррен Уилсон.

АҚШ-тың Фергюсон қаласында полицияда қызмет атқарған Даррен Уилсон.

АҚШ-тың Миссури штатындағы Фергюсон қаласында 18 жастағы Майкл Браунды атып өлтірген полиция офицері Даррен Уилсон отставкаға кетті. Бұл туралы сенбі күні хабарлаған адвокатының сөзінше, тамыз айынан бері жұмыстан уақытша шеттетілген Уилсон қызметтен біржолата кеткен.

Қарашаның 24-і күні "Даррен Уилсонның айыбы жоқ" деген ұйғарым жасаған алқа сотының шешімімен келіспей АҚШ-тың бірнеше штатында жұрт наразылық акциясына шығып, кейбір жерлерде тәртіпсіздіктерге ұласқан еді. Ең үлкен шеру өткен Лос-Анжелесте полиция 50-ден аса адамды тұтқындаған.

Майкл Браунның туыстары полицейдің айыбы жоқ деп таныған сот шешімі өздерін есеңгіретіп тастағанын мәлімдеген. Уилсон «тапаншасына жармасқан» Брауннан өзін қорғау үшін амалсыз атуға мәжбүр болғанын айтқан. Бірақ кейбіреулер Браун полиция талабына бағынып, өз еркімен берілген кезде атып өлтірілген деп санайды.

Фергюсондағы тамыз айындағы қазалы оқиға нәсілдік алауыздық мәселесіне қоғам назарын аударуға себеп болған еді.

XS
SM
MD
LG