Accessibility links

Талдықорғандағы жарылыстан жеті адам қаза тапқан


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматы облысында Талдықорған қаласының іргесіндегі Еркін ауылында қарашаның 30-ына қараған түні сағат он екі кезінде қос қабатты тұрғын үйдің үстіңгі пәтерінде жарылыс болып, жеті адам қаза болған. Құрбан болғандардың арасында бір бала бар деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, жарылыс он екі пәтерлік тұрғын үйдің екінші қабатында болған. Оқиғадан зардап шеккен үш бала мен екі ересек адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, пәтерде газ баллоны жарылған.

Жарылыс салдарынан бір бөлігі опырылған көппәтерлі үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар мен ішкі істер органдары жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG