Accessibility links

Мәскеу дәрігерлері наразылық акциясын өткізді


Мәскеудегі дәрігерлердің наразылық шарасына қатысушы. 30 қараша 2014 жыл.

Мәскеудегі дәрігерлердің наразылық шарасына қатысушы. 30 қараша 2014 жыл.

Мәскеуде бүгін медицина қызметкерлерінің наразылық акциясына қатысқан үш мыңдай адам Ресей астанасындағы медициналық мекемелердегі жұмыстан қысқартуға, еңбекақының аздығына, дәрігерлік жәрдемге қол жеткізу қиындап, емдеу сапасының төмендеп кеткендігіне наразылықтарын білдірді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Демонстранттар Делегаттар көшесімен Олимпиада даңғылына дейін жүріп өтіп, сол жерде наразылық жиынын өткізген. Жиын соңында Мәскеудің денсаулық сақтау саласын реформалау ісі дәрігерлер мен емделушілердің мүддесі тұрғысынан жүргізіліп, медицина қызметкерлерін жұмыстан шығару мен ауруханаларды жабуды тоқтатуды талап еткен қарар қабылдаған.

«Қол жетімді медицина үшін» деген тақырыппен наразылық акциялары бүгін Санкт-Петербург, Ижевск, Иркутск, Астрахань, Екатеринбург, Калининград, Тула, Чита, Пермь, Нижний Новгород және Қазан сияқты басқа да қалаларда өткен.

Бұған дейін 2 қараша күні Ресей астанасында «Мәскеуде медицина саласын күйрету тоқтатылсын!» деген атаумен наразылық шеруі өткен еді. Кейін жергілікті билік жұмыстан шығарылған медицина қызметкерлеріне өтемақы төленетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG