Accessibility links

Молдовадағы сайлауда ресейшіл партиялар озды


Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан Молдова азаматтары. 30 қараша 2014 жыл.

Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан Молдова азаматтары. 30 қараша 2014 жыл.

Молдовада жексенбі күні өткен парламент сайлауының алғашқы нәтижелері бойынша, ресейшіл бағыттағы екі партия алға шыққан. Сайлау бюллетеньдерінің 30 пайызы саналған соң Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке сәйкес, Социалистік партияның еншісінде 23 пайыз дауыс бар, Коммунистік партия - 20 пайыз дауыс жиған.

2009 жылдан бері елде билікте отырған еуропашыл бағыт ұстанатын коалиция құрамындағы Либерал-демократиялық партия мен Демократиялық партия тиісінше 17 және 16 пайыз дауысқа ие болған. Бұл жолы парламент сайлауына азаматтардың 55,86 пайызы дауыс берген. Молдова заңына сәйкес, егер барлық сайлаушылардың кемінде үштен бірі дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау өткізілген болып саналады.

Еуропадағы кедей елдердің бірі саналатын Молдова үкіметі биыл Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қойып, Молдова азаматтары Шенген аймағы елдеріне визасыз барып келу мүмкіндігіне ие болған еді. Ресей үкіметінің Молдовадан ауылшаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салуы Молдова экономикасына кері әсер еткен.

XS
SM
MD
LG