Accessibility links

Швейцариялықтар мигранттарды шектеуді құптамады


Швейцариядағы елдімекендерді бірі. (Көрнекі сурет)

Швейцариядағы елдімекендерді бірі. (Көрнекі сурет)

Швейцарияда жексенбіде өткен референдумде дауыс берген азаматтардың көпшілігі мигранттарға қарсы заңды қатайтуға және елде тұрып жатқан ауқатты шетелдіктерден салық жеңілдіктерін алып тастауға қарсылық білдірді.

Билік орындары елге келетін шетелдіктер санын жылына 17 мыңнан асырмауды ұсынған еді. Референдумде дауыс берген азаматтардың 78 пайызы бұнымен келіспеген. 60 пайызы дәулетті шетелдіктерден арнайы салық жеңілдіктерін алып тастауға қарсы болған. Швейцарияда жұмыс жасындағылардың ширек бөлігін басқа елдің азаматтары құрайды.

Швейцария биыл осымен екінші рет миграция туралы заңға қатысты референдум өткізді. Ақпан айында билік елге келетін шетелдіктерге қатысты квота енгізген болатын.

Қарашаның 30-ы күні референдумге шығарылған үшінші сауал – елдің алтын-валюта қорын ұлғайту туралы ұсынысқа да азаматтардың көпшілігі қарсы дауыс берген.

XS
SM
MD
LG