Accessibility links

Еуропа кеңесінің жаңа төрағасы қызметіне кіріседі


Еуропа кеңесінің жаңа төрағасы Дональд Туск (сол жақта) пен бұрынғы төраға Херман Ван Ромпей. Брюссель, 30 тамыз 2014 жыл.
Еуропа кеңесінің жаңа төрағасы Дональд Туск (сол жақта) пен бұрынғы төраға Херман Ван Ромпей. Брюссель, 30 тамыз 2014 жыл.

Польшаның экс-премьері Дональд Туск бүгін Еуропа кеңесінің төрағасы қызметіне кіріседі. Ол бұл қызметке тамыздың соңында Еуропа Одағы саммитінде сайланған еді.

2009 және 2012 жылдары Еуропа кеңесінің төрағасы болып екі мерзім сайланған Бельгия өкілі Херман Ван Ромпейдің қызмет өкілеті 30 қараша күні аяқталды.

2007 жылдан бастап биылға дейін Польша премьер-министрі болған Дональд Туск елде 1989 жылы коммунизм құлағаннан кейін екінші мерзімге сайланған бірінші үкімет басшысы.

57 жастағы Дональд Туск Украина дағдарысы мәселесіне қатысты Ресейге санкцияларды қатаңдатуды қолдайтын тұлға ретінде танымал.

XS
SM
MD
LG