Accessibility links

Назарбаев өзіне арналған күнмен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасында сөйлеп тұр. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасында сөйлеп тұр. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне арналған тұңғыш президент күнімен жұртшылықты құттықтады. Ол бүгінгі мереке мен Қазақстан тәуелсіздігі күні арасында тығыз байланыс барын мәлімдеді деп хабарлайды ресми ақпарат құралдары.

«Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйеп, мен желтоқсанның 16-сында да ел тәуелсіздігін жарияладым. Сол себепті де тұңғыш президент күні мен алдағы ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар» деген Назарбаев.

Ол бүгін Астанада Қазақстан президентінің байрағын көтеру және мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімінде және «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деген атаумен өтіп жатқан мерекелік концертке қатысушылар алдында сөз сөйлеген.

Биыл үшінші жыл атап өтіліп жатқан Қазақстанның тұңғыш президенті күні – мемлекеттік мереке болып белгіленген. Мейрам күндері туралы заңға сәйкес, бұл күн Қазақстанда демалыс күні болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG