Accessibility links

Ресей "Оңтүстік ағын" жобасынан бас тартуға дайын


Ресей президенті Владимир Путин. Түркия, Анкара, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Түркия, Анкара, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінше, "егер Еуропа Одағы (ЕО) "Оңтүстік ағын" (South stream) газ құбыры жобасына қарсы болса, онда Мәскеу де ол жобадан бас тартуға дайын". Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездескеннен соң Путин "Ресей мен Түркия "Оңтүстік ағын" жобасының орнына газды Еуропаның оңтүстік бөлігіне таситын транспорттық дәліз құруы мүмкін екенін" айтты.

Жоспар бойынша, "Оңтүстік ағын" құбыры Қара теңіздің түбімен Болгарияның оңтүстік жағалауларына дейін, одан ары Грекия, Италия, Сербия, Венгрия және Австрияға тартылуы тиіс. Бірақ Путиннің айтуынша, газ құбыры Болгария үкіметінің қарсылығына және Брюссельдің "құбыр ЕО-ның бәкелестік және энергетика жөніндегі заңдарына қайшы келеді" деген мәлімдемесіне байланысты салынбай қалуы мүмкін.

Путин бұған қоса, Ресей Түркияға "Көгілдір ағын" газ құбыры бойынша тасымалдайтын газының көлемін үш миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға және импорттайтын газының бағасын арзандатуға келіскенінен хабардар етті.

XS
SM
MD
LG