Accessibility links

Сириялық босқындарға көмек көрсету тоқтатылды


Иорданиядағы сириялық босқындар лагері. (Көрнекі сурет).
Иорданиядағы сириялық босқындар лагері. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы қоры қаржының жоқтығына байланысты 1 миллион 700 мың сириялық босқынға көмек көрсетуді тоқтатты.

Римде орналасқан қордың мәлімдеуінше, бағдарлама аясында Иорданиядағы, Ливандағы, Түркиядағы, Ирактағы және Египеттегі сириялықтарға азық-түлік алуға талондар берілген.

Қор қызметкерлері қыс мезгілінде бағдарлама қызметінің тоқтатылуы босқындар үшін апатқа әкеп соқтыруы мүмкін деп ескертеді.

Агенттіктің атқарушы директоры Эртарин Кузиннің айтуынша, желтоқсан айында босқындарға көмек көрсету үшін 64 миллион АҚШ доллары қажет.

Үш жыл бұрын басталған Сириядағы қарулы қақтығыстан елден үш миллионнан астам адам босып кетті. Тағы 7 миллион 500 мың адам ел аумағында үй-күйсіз босып жүр.

XS
SM
MD
LG