Accessibility links

Ресей Арктикада қолбасшылық орталық құрды


Ресейдің Солтүстік флотына тиесілі атом сүңгуір кемесі. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Солтүстік флотына тиесілі атом сүңгуір кемесі. (Көрнекі сурет)

Ресей Арктикада стратегиялық қолбасшылық орталық құра бастады. Солтүстік флоттың қолбасшысы, адмирал Владимир Королев Североморскідегі әскери-теңіз базасында желтоқсанның 1-ін "жаңа орталық құрылған тарихи күн" деп атады.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Арктика аймағында қолбасшылық орталық құру жоспарын жариялаған. Қазан айында ол "стратегиялық орналасуы мен табиғи ресурстарына байланысты маңызды аймақты екі спутник бақылайды" деп мәлімдеген.

Желтоқсанның 1-інде Орталық әскери округінің басшысы Ярослав Рощупкин ресейлік журналистерге келесі жылы елде төрт мыңнан астам әскери жаттығу өтетінін, оның ішінде ең ірісі жазда болатынын, оған "ондаған мың сарбаз қатысатынын" айтқан.

Ресей биыл үш мыңға тарта әскери жаттығу өткізді.

XS
SM
MD
LG