Accessibility links

Климат жылынуы жайлы БҰҰ жиыны өтіп жатыр


Арктиканың ғарыштан түсірілген суреті. 2007 жыл.
Арктиканың ғарыштан түсірілген суреті. 2007 жыл.

Перуде БҰҰ-ның ғаламдық климаттың өзгеруіне қатысты конференциясы өтіп жатыр. Желтоқсанның 1-і күні басталған жиынның ашылуында сөйлеген БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі өкілі Кристиана Фигерес "2014 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болайын деп тұр және ауаға тарайтын түрлі қалдықтар да артып келеді. Біздің дереу бір әрекет қылуымыз керек" деп мәлімдеді.

Жиынға қатысушы 195 елдің өкілдері 2015 жылдың соңына қарай Парижде қол қойылатын климатқа қатысты жаңа пакті жайын талқылайды.

Әлем елдері осы келісім арқылы ғаламдық температураның жылынуын Цельсий бағаны бойынша екі градусқа төмендету үшін парник газдарын шығару көлемін азайтуға күш салмақ.

Таяуда АҚШ пен Қытай көмірқышқыл газын шығару көлемін азайту жоспары барын мәлімдеген соң, келісімді даярлау процесі біршама жылдамдай бастаған.

XS
SM
MD
LG