Accessibility links

Қазақстан Қырғызстанға электр қуатын бере бастады


Қазақстан желтоқсанның 1-інен бастап Қырғызстанға электр қуатын бере бастады.

"Самұрық-Энерго" компаниясының хабарлауынша, "қазір компанияның еншілес кәсіпорны - "Батыров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" Қырғызстанға қажетті 230 мегаватт электр қуатын өндіріп жатыр".

Қараша айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға сапары кезінде Астананың Бішкекке электр қуаты жөнінен көмектесетіні айтылған. Қырғыз билігі Қазақстанды егіс маусымы кезінде сумен қамтамасыз етуге уәде берген.

Өткен аптада "Самұрық-Энерго" компаниясының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясының әр киловатт-сағатын 15 теңге 70 тиыннан сататынын айтқан.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG