Accessibility links

Зерттеу: ВИЧ-тің СПИД тудыру қаупі азайып келеді


ВИЧ вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).
ВИЧ вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Оксфорд университеті ғалымдарының дерегінше, ВИЧ індетінің қаупі мен өзге адамға жұғу мүмкіндігі азайып келеді. Ғалымдардың Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жариялаған еңбегі бойынша, вирус қазір адамның иммундық жүйесіне бейімделіп, қауіптілігі төмендеп барады.

Мамандар қазір ВИЧ инфекциясының СПИД-ті тудыру уақыты ұзарғанын және вирустағы өзгерістер індетті тежеуге көмектесе алатындай жағдайға жеткенін айтады.

Зерттеу нәтижелері қазір вирусқа қарсы препараттар ВИЧ қаупін барынша азайта түскен. Бұған қоса препараттар негізінен ВИЧ-тің аса қауіпті түрлерін жойып, ал қаупі төмендерінің өздігінен емделуіне мүмкіндік жасайды.

Қазір әлемде 35 миллионнан астам адам ВИЧ жұқтырған. Ал соңғы 30 жылда 40 миллионға тарта адам СПИД-тен көз жұмған.

XS
SM
MD
LG