Accessibility links

Ливан: әл-Бағдадидің әйелі мен ұлын ұстадық


Радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі деп сипатталған Әбу Бакр әл-Бағдади.

Радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі деп сипатталған Әбу Бакр әл-Бағдади.

Ливан арнайы қызметі "ел армиясы радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің әйелі мен ұлын ұстады" деп хабарлады. Бірақ ресми орындар Бағдадидің әйелі деген адамның аты-жөнін я ұлтын атамады.

Арнайы қызмет Бағдадидің әйелі мен ұлдарының бірін Ливаннан Сирияға өтіп бара жатқан тұста "шетел барлау қызметтерімен бірлесе отырып тұтқындағанын" ғана хабарлады.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары жаз айларында Сирия мен Ирактың көпшілік бөлігін басып алып, жүздеген адамды қырып тастаған. Бұдан соң АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Сирия мен Ирактағы ұйым позицияларына қарсы әуеден соққы бере бастаған.

Өткен айда әл-Бағдади әуе шабуылдары кезінде жараланды деген ақпараттар шыға бастаған. Бұдан соң "Ислам мемлекеті" ұйымы әл-Бағдадидың даусы делінген аудиожазба таратқан.

XS
SM
MD
LG