Accessibility links

Украина мен Ресей және сепаратистер өкілдері кездеседі


Донецк көшелерінде жүрген айырым белгісі жоқ, ресейлік Т-72 танкісі. Украина, қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Донецк көшелерінде жүрген айырым белгісі жоқ, ресейлік Т-72 танкісі. Украина, қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Донецкіде бүгін Украина, Ресей және ресейшіл сепаратистердің өкілдері кездесіп, келіссөздер жүргізбек. Украинаның арнайы операция баспасөз орталығының хабарлауынша, кездесуде тараптар Донбасстағы елді мекендерден ауыр қару-жарақты әкету және қақтығыс аймақтарында, оның ішінде Донецк әуежайы аумағында ұрысты тоқтату жайын талқыламақ.

Бұған дейін украин әскері мен сепаратистердің Донецк әуежайы маңында қақтығысты уақытша тоқтату туралы бітім жасағаны хабарланған еді. Украина әскерилерінің дерегінше, өткен түні әуежай аумағы тыныш болған. Бірақ әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Дмитрий Тымчук жалпы Донецк облысы аумағында ұрыс жалғасып жатқанын айтады.

Украинаның шығысында соңғы тәулікте атыстан екі тұрғын мерт болып, төрт адам жараланды.

XS
SM
MD
LG