Accessibility links

Францияны Палестинаның тәуелсіздігін мойындауға шақырды


Палестина басшылары Франция үкіметін дауыс беру кезінде Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп таныған француз депутаттарынан үлгі алуға шақырды.

"Палестинаны азат ету ұйымының" басшысы Ханан Ашрави ресми мәлімдемесінде "егер Париж Палестинаның тәуелсіздігін мойындаса, онда ол палестина дағдарысын шешуге тікелей әсер ететінін" айтады.

Франция парламентінде өткен символдық дауыс беру шарасында Палестинаның тәуелсіздігін қолдап 339 депутат, қарсы 151 депутат дауыс берген.

Ал Израильдің Париждегі елшілігінің мәлімдеуінше, "Франция парламентінің үкіметті Палестинаны мойындауға шақыра отырып, символдық дауыс беру шарасын өткізуі "Израиль мен палестин халқы арасында келісім жасасу мүмкіндігіне нұқсан келтіреді".

Бұған дейін Ұлыбритания мен Испания парламенті де Палестинаның тәуелсіздігін танып дауыс берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG