Accessibility links

Обама Конгресті Эболамен күреске қаржы бөлуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 24 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 24 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен басқа да елдер Батыс Африкада тараған қауіпті Эбола вирусымен күресте біршама жетістікке жеткенін, бірақ бұл бағытта ары қарай да біраз жұмыс істелуі қажет екенін мәлімдеді. Обама бұл жайында желтоқсанның 2-сі күні Мэриленд штатында Ұлттық денсаулық сақтау институтына барған кезінде айтты.

Обама АҚШ Конгресін президент әкімшілігінің Эбола вирусымен күреске жедел түрде алты миллиард АҚШ долларын бөлу туралы өтінішін мақұлдауға шақырды.

"Эболамен күрес әлі аяқталған жоқ. Біз қосымша қаржы бөлмей індетті жеңе алмаймыз" деді Обама.

Барак Обама қазір АҚШ-та бірде-бір Эбола вирусын жұқтырған адам тіркелмегенін де айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректері бойынша, әлемде Эболадан көз жұмғандар саны алты мыңға, ал вирус жұқтырғандар саны 17 мыңға жуықтаған.

Вирус жұқтырғандардың көпшілігі - Либерия, Сьера-Леоне және Гвинея азаматтары.

XS
SM
MD
LG