Accessibility links

Белсенділер Adam bol журналын қолдайтынын айтты


Adam bol журналына қатысты баспасөз жиынына қатысушылар (оңнан солға): журнал редакторы Гүлжан Ерғалиева, "Әділ сөз" ұйымының жетекшісі Тамара Калеева, саясаткер Әміржан Қосанов, белсенді Мұхтар Тайжан, заңгер Сергей Уткин. Алматы, 3 желтоқсан 2014 жыл.

Adam bol журналына қатысты баспасөз жиынына қатысушылар (оңнан солға): журнал редакторы Гүлжан Ерғалиева, "Әділ сөз" ұйымының жетекшісі Тамара Калеева, саясаткер Әміржан Қосанов, белсенді Мұхтар Тайжан, заңгер Сергей Уткин. Алматы, 3 желтоқсан 2014 жыл.

Азаматтық белсенділер Adam bol журналының сотқа тартылып, жабылу қаупіне алаңдаушылық білдірді. Бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынына журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мен заңгері Сергей Уткиннен өзге құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділер де келді.

Жиында Ерғалиева журналдың қудалануында саяси мақсат қана емес, жеке адам мүддесі де бар болуы мүмкін деген болжамын айтты. Оның сөзінше, журнал жабылған жағдайда редакция ұжымы басқа форматта жұмысын жалғастыра береді.

Сергей Уткин шағымданушы сұрағандай журналды жабуға еш негіз жоқ деген пікір айтады. "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Adam bol журналын қудалауда сөз бостандығына нұқсан келтіру белгілері барын айтады. Ал оппозицияшыл саясаткер Әміржан Қосанов, азаматтық белсенділер Мұхтар Тайжан мен Ермек Нарымбаев журнал мен оның ұжымын қолдайтынын білдірді.

Алматыда Adam bol журналына қарсы қалалық әкімдіктің шағымы бойынша сот жүріп жатыр. Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы журналды "соғысты насихаттады" деп айыптап, соттан журналдың қызметіне тыйым салуды және тіркеу туралы куәлігінің күшін жоюды сұрайды.

Медеу аудандық соты қарашаның 20-сында басқарманың пәрменімен журналдың қызметін тоқтатып, таралуына тыйым салуға қаулы шығарған. Сол күні журнал редакциясына мөр басылып, кезекті нөмірінің барлық тиражы тәркіленді.

Журналға қатысты келесі сот отырысы желтоқсанның 5-іне белгіленген.

XS
SM
MD
LG