Accessibility links

Өзен-Горган теміржолы ашылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Ашғабад, 2 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Ашғабад, 2 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Иран президенті Хассан Роухани және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанда Өзен-Берекет-Горган теміржол желісінің ашылуына қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 900-ден астам километрді құрайды. Оның 146 километрі Қазақстан территориясы арқылы, қалғаны Түркіменстан мен Иран арқылы өтеді. Жаңа теміржол желісі Қазақстан, Қытай, Ресей және Беларусьті Парсы шығанағына және Иранның теңіз порттарына жалғайды.

"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының дерегінше, жолдың қазақстандық бөлігін салуға 60 миллиард теңге жұмсалған.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанға кеше, желтоқсанның 2-сінде барған. Ашғабадта өткізген келіссөздерінен кейін Назарбаев пен Бердімұхамедов екі ел арасындағы тауар айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу қажетін айтқан.

XS
SM
MD
LG