Accessibility links

Обама қорғаныс министріне үміткерді ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама қорғаныс министрі қызметіне ұсынған Эштон Картер.
АҚШ президенті Барак Обама қорғаныс министрі қызметіне ұсынған Эштон Картер.

АҚШ президенті әкімшілігі өкілдерінің хабарлауынша, ел президенті Барак Обама қорғаныс министрі қызметіне Эштон Картерді ұсынған. Картердің кандидатурасы ресми түрде таяу күндері жарияланбақ.

Пентагонда қару-жарақ саудасына жауапты қызмет атқарған 60 жастағы физик, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Картер өткен аптада отставкаға кеткен министр Чак Хейгелді алмастыруы мүмкін.

Чак Хейгел "қызметін аяқтайтын уақыт жеткенін" айтып, отставкаға кеткен. Обама екі жыл қорғаныс министрі болған Хейгелді "үлгілі министр" деп атап, оны сенат жаңа министрдің кандидатурасын бекіткенше қызметінде бола тұратынын айтқан.

Хейгел Ауғанстандағы терроризмге қарсы кампанияға, Сирия және Ирактағы радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы операцияларға наразылар билікті сынға алған тұста отставкаға кетті.

XS
SM
MD
LG