Accessibility links

Лукашенко: Ресей Кеден Одағы ережелерін бұзып отыр


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде өткен үкіметтік жиында Ресейді "Кеден Одағының барлық ережелерін бұзып отыр" деп айыптады.

Ресей үкіметі қараша айының соңында Беларусьтің 22 кәсіпорнының ет және сүт өнімдерін импорттауға тыйым салған. "Россельхознадзор" мекемесі бұл кәсіпорындардың өнімдерінен қауіпті заттар, оның ішінде "африкалық шошқа обасын тудыратын вирус табылды" деп мәлімдеген.

Лукашенконың айтуынша, "Ресейдегі алаяқтар" азық-түлік бағасын беларусь тауарларын импорттауға тыйым салу арқылы қымбаттатқысы келеді. "Россельхознадзор" "таяу уақытта Беларусьтің ет өнімдерін тасымалдауға қайта рұқсат етілуі мүмкін екенін, бірақ олардың сапасы қатаң тексеруден өткізілетінін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG