Accessibility links

АҚШ генералы: ИМ Ливияда жаттығу лагерьлерін құрған


АҚШ-тың Африкадағы қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Дэвид Родригес.

АҚШ-тың Африкадағы қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Дэвид Родригес.

АҚШ-тың Африкадағы күштерінің қолбасшысы, генерал Дэвид Родригес радикалдық "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы Ливияның шығыс бөлігінде жаттығу лагерлерін ұйымдастырғанын және АҚШ оған бақылау жасап отырғанын хабарлады.

Дэвид Родригестің журналистерге айтуынша, ол лагерлерде 200-дей адам жаттығып жатыр. Генерал лагерьлер жұмысын жаңа бастағанын, ауқымды және ұйымдасқан түрде қызмет істеп жатпағанын айтады.

Генерал "Ислам мемлекеті" ұйымының Ливиядағы лагерлері санын айтпады. Оның сөзінше, қазір лагерьлерге әуеден соққы беру жоспарда жоқ. Родригес Ливияда АҚШ-тың құрлықтық әскері жоқ екенін айтады.

XS
SM
MD
LG