Accessibility links

Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 24 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 24 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. "Бірқатар нысандарға кіріп, облыстағы қоғам өкілдерімен кездесу өткізетін" президент Назарбаевтың бұл сапары жайлы өзге егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген.

Президент Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына Түркіменстанға жасаған сапарынан кейін барды. Кеше, желтоқсанның 3-і күні Қазақстан, Түркіменстан және Иран президенттері Өзен-Горган теміржол желісін іске қосқан. Жаңа жол Қазақстан, Қытай, Ресей және Беларусьті Иранның теңіз порттарына жалғайды.

XS
SM
MD
LG