Accessibility links

Керри мен Лавров Украина дағдарысын талқылайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Базельде (Швейцария) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Украинадағы дағдарысты талқылайды. Керри мен Лавров ЕҚЫҰ дипломаттарының жиыны аясында кездеседі деп жоспарланып отыр.

ЕҚЫҰ-ға Минскіде қыркүйектің 5-інде Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын бақылау тапсырылған. Бірақ ол келісім талай мәрте бұзылып, украин күштері мен сепаратистер бірнеше рет, әсіресе Донецк әуежайы маңында қақтығысқан.

Желтоқсанның 2-сінде Украина мен Ресей әскерилері арасында Донецк әуежайы орналасқан ауданда атысты уақытша тоқтату туралы келісім жасалған. Бірақ украин әскері "сепаратистер келісімді көп ұзамай бұзды" деп айыптады.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесі желтоқсанның 3-інде "сепаратистер әуежайға жасалған шабуылдан ауыр шығынға ұшырады" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG