Accessibility links

Астанада бастауыш сыныпта сабақ тоқтатылды


Астана орталығы. (Көрнекі сурет).
Астана орталығы. (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін қатты боран тұруына байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

"Қазгидромет" мекемесінің ақпараты бойынша, Астанада бүгін 18 градусқа дейін аяз болып, секундына 15-20 метрге дейін жететін боран соғады, қар жауады. Синоптиктер бүгін Қазақстанның көпшілік бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады деп болжайды.

Бүгін Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында қатты боран мен жолдың нашар көрінуінен кейбір жолдарда көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG