Accessibility links

Назарбаев туралы киноның жалғасы прокатқа шықты


Нұрсұлтан Назарбаев туралы кино эпопеяда басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов. Алматы, 12 желтоқсан 2014 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев туралы кино эпопеяда басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов. Алматы, 12 желтоқсан 2014 жыл.

Бүгін Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы түсірілген "Көшбасшы жолы" атты кино эпопеяның төртінші бөлімі - "Тығырықтан жол тапқан" ("Разрывая замкнутый круг") фильмі прокатқа шықты.

Фильмде Назарбаевтың Днепродзержинскідегі оқуынан кейінгі өмірі баяндалады. Фильмде Назарбаевтың Қарағанды металлургиялық комбинатына қатардағы жұмысшы ретінде жұмысқа тұрған кезінен комбинаттағы партия ұйымының жетекшісі болғанға дейінгі кезеңі қамтылған.

"Тығырықтан жол тапқан" фильмінің сценарийі кино эпопеяның бұған дейінгі алғашқы бөлімдері - "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен" және "Теміртау" сияқты Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабының желісі бойынша жазылған.

Бұл фильмнің де режиссері Рүстем Әбдірашов болды. Басты рөл - Нұрсұлтан Назарбаевты актер Нұрлан Әлімжанов сомдаған.

"Тығырықтан жол тапқан" фильмі Қазақстан мен Ресейде, оның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Мәскеуде түсірілген. Фильм авторларының дерегінше, оны түсіруге шамамен екі жарым миллион АҚШ доллары жұмсалған.

"Тығырықтан жол тапқан" фильмінің таныстырылуы желтоқсанның 1-і - Қазақстанның тұңғыш президенті күні Астанада өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

XS
SM
MD
LG