Accessibility links

Грозныйдағы атыста бірнеше адам қаза тапты


Грозныйдағы қарулы топ бекінді деген ғимараттың өртеніп жатқан суреті. Шешенстан, 4 желтоқсан 2014 жыл.
Грозныйдағы қарулы топ бекінді деген ғимараттың өртеніп жатқан суреті. Шешенстан, 4 желтоқсан 2014 жыл.

Грозный орталығында бүгін арнайы операция барысында жеті содырдың көзі жойылды деп хабарлады Шешенстан президенті Рамзан Қадыров. Қаладағы мектептердің бірінде тағы бірнеше адам бекініп алған.

Желтоқсанның төртіне қараған түні бір топ қарулы адам қаладағы баспахана үйін басып алған еді. Мұның алдында қарулы топ жол полициясы бекетіне шабуылдаған. Жол полициясы қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатуға тырысып, полиция мен қарулы топ арасында атыс болған. Түрлі дереккөздерінің хабарлауынша, шабуылдан үш-бес полицей оққа ұшқан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, операцияны Рамзан Қадыровтың өзі басқарып отыр. Грозныйдың орталығында антитеррористік операция режимі енгізілген. Қадыровтың сөзінше, содырлар полиция қызметкерлерінің киімін киіп алған.

XS
SM
MD
LG