Accessibility links

Армения парламенті Еуразия Одағы келісімін мақұлдады


Армения парламенті желтоқсанның 4-і күні елдің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) кіруі туралы келісімді ратификациялады. Келісімді парламенттің 103 депутаты қолдап, жетеуі қарсы дауыс берді. Бір депутат қалыс қалды.

Парламент келісім жобасын талқылауды желтоқсанның 1-і күні бастаған. Содан бері Армения оппозициялық белсенділері мен олардың жақтастары депутаттардан келісімді мақұлдамауды талап етіп, төрт күн бойы парламенттің алдында наразылық акцияларын өткізген. Наразылық танытушылар келісім ратификацияланса, Арменияның егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келеді дейді.

Армения президенті Серж Саргсян ЕАЭС-ке кіру туралы келісімге қазан айында Минскіде қол қойған.

Армения Ресей, Беларусь және Қазақстан мүше болып отырған ЕАЭС-ке 2015 жылы қаңтар айының 1-і күні қосылады. Осы күні ЕАЭС жұмысын бастайды.

XS
SM
MD
LG