Accessibility links

УЕФА Қырым футбол клубтарына Ресейде ойнауға тыйым салды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

УЕФА Қырымның футбол клубтары - "Севастополь", Таврия Симферополь" және "Жемчужная Ялта" командаларына Ресей футбол одағы (РФО) ұйымдастыратын турнирлерге қатысуға тыйым салды. Бұл командалар биылғы маусымда Ресейдің үшінші лигасында ойнаған, қазір қысқы демалыста.

БҰҰ Ресейдің биыл наурызда Қырымды Украинадан аннексиялап алғанын мойындамайды. Бірақ Ресей футбол одағы үш клубты ел чемпионаты мен лигасына қосып, Украинаның наразылығын тудырған.

"Севастополь" командасының президенті Александр Красильников УЕФА шешімін "Футболға қарсы әрекет" деп атады. Желтоқсанның 4-і күні Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы халыққа жолдауында Қырымды "орыс халқының рухани орталығы" деп атаған.

XS
SM
MD
LG