Accessibility links

АҚШ-та полицияға наразылық жалғаса түсті


Нью-Йорк тұрғындар қара нәсілді азамат Эрик Гарнердің полицияның қолынан өлгеніне наразылық акциясын өткізіп тұр. Нью-Йорк, 4 желтоқсан 2014 жыл.
Нью-Йорк тұрғындар қара нәсілді азамат Эрик Гарнердің полицияның қолынан өлгеніне наразылық акциясын өткізіп тұр. Нью-Йорк, 4 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ-тың бірнеше қаласында желтоқсанның 4-і күні кешке сот төрешілерінің полицияның Нью-Йорктік 43 жастағы қара нәсілді Эрик Гарнерді өлтіргені туралы істі сотқа бермеу туралы шешіміне қарсы жаңа наразылық акциялары өтті.

Нью-Йорктегі шеруге қатысқандар Бруклиннің басты магистральдерінің бірінің бойымен қолдарына картон қағаздан жасалған табыт ұстап жүрді. Демонстранттардың кейбірі жол жиегіне өлген адам кейпінде жатып алып, көлік қозғалысына кедіргі жасады.

Нью-Йорк полициясы Бруклин көпіріндегі жолды жапты. Манхэттенде шеру бейбіт түрде өтті. Полиция топ адамды тарату үшін аэрозоль шашты. Демонстранттар "Әділеттілік болмай бейбітшгілік болмайды!" деп ұрандатып, Гарнердің "Мен дем ала алмай тұрмын!" деген соңғы сөзін қайталады.

Осыған ұқсас акция Пенсильвания штатының Питсбург қаласында да өтті. Наразылық танытушылардың бірі жергілікті телеарнаға берген сұхбатында "Полиция нәсілдік кемсітушілікпен айналысады, және қара нәсілділерді жәбірлейді. Полицияда жауапкершілік жоқ, ал сот жүйесі олардың қолынан құрбан болғандарға әділетсіздік танытады" деді.

Бостон, Чикаго және Вашингтонда да манифестаиялар өтіп, наразылар көлік қозғалысын тоқтатты.

Эрик Гарнердің алты баласы және екі немересі болған. Оның құқық қорғау орындарына ісі жиі түсетін. Ол полицияға 30 рет түскен. Соның бірінде ол заңсыз темекі сатты деп айыпталып, оның соңы өліммен аяқталған.

Гарнерді өлтірді деген күдікке ілінген полицей Даниэль Пантелеоның үстінен бұған дейін екі рет іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG