Accessibility links

Әзербайжанда Азаттық тілшісі қамалды


Әзербайжанда Азаттық тілшісі Хадиджа Исмаил екі айға қамалды. Баку қаласының Сабаил аудандық соты 5 желтоқсанда журналисті қамауға алу туралы шешім шығарды. Исмаил әлдекімді "өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді" деп айыпталады. Бұл бап бойынша күдікті айыпкер болып танылса, 3-7 жыл арасында түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Журналистің адвокаты Элтон Гулиев журналисті кәсіби қызметіне бола жазалау үшін қылмыстық іс қозғап, қамауға алды деп ойлайды. Хадиджа Исмаил (Исмайлова) - әзербайжандық биліктің басындағы жемқорлық туралы бірнеше зерттеу материалының авторы.

Журналист өзіне тағылған айыпты Әзербайжанның арнайы қызметі ойлап тапты деп санайды.

XS
SM
MD
LG